"Қаш, с...ка, қаш!". ММА файтері тікелей эфирде арандап қалды
Тәжікстандық поп-MMA файтері Шодмон Назотканов тікелей эфирде әйеліне ұсталып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тәжікстандық поп-MMA файтері Шодмон Назотканов тікелей эфирде әйеліне ұсталып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіске жеткен сәтіне қатысты пікір білдіріп жатқан ол абайсызда: "Мерейтойлы жеңісімді анама, әкеме, әйеліме, сүйіктіме. Ой, кешіріңіздер. Осы жерді алып тасташы. Қайтадан кеттік", деп айтып жіберді.
Кейін Назотканов ақталмақ болады, бірақ, жағдайды одан сайын ушықтырды: "Бәрінің алдында кешірім сұрағым келеді, абайсызда әкеме, әйеліме, сүйіктіме деп былш еткіздім. Олай дегім келмеді. Тек сүйікті қызыма... Бл... Тек әйеліме! Бл... Гонорарымның жартысын беремін, қиып тасташы", - деді ол.
Алайда бір қызығы екі жазбаны да ол Instagram желісінде жариялапты. "Тілің жауың деуші еді маған. Сіздерге берер кеңесім, эмоция көтеріп тұрғанда үнсіз қалған жөн екен", - деп жазыпты тәжік спортшы.
Жарнама