Қарудан оқ атты және мас күйде көлік басқарған. Полиция әйгілі UFC чемпионын тұтқындады

27 наурыз 2020 12:42
Сурет: XSPORT.ua
Жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы Джон Джонс көлікті мас күйде басқару мен оқ қаруды абайсыз қолдану күдігі бойынша тұтқындалды, - деп хабарлайды РИА Новости

Бейсенбі таңғысын оқ атылғанын естіген полицей көлік жанында отырған ер адам мен жүргізуші орнында екінші адамды байқаған. 

Көлікті тінту кезінде тапанша мен артқы орыннан ішімдік щөлмегі табылған. Қазір қарудың басқа қылмыстарда қолданылған, не қолданылмағаны бары тексеріліп жатыр. 

Кейін Джонс босатылды.

32 жастағы файтер ММА-де 26 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген және бір жекпе-жегі өтпеді деп есептелген. 
Метки: