"Қару қолданады...". Қырғызстандық UFC чемпионы ресейлік шпион екені айтылды

16 сәуір 2020 11:10
Сурет: Karate.ru
UFC файтері америкалық Бен Аскрен промоушен чемпионы, қырғызстандық Валентина Шевченконы ресейлік шпион деп атады, - деп хабарлайды Essentially Sports.

Ол Шевченконың шет тілдерін біліп, қару қолдана алатынына назар аударды. Аскреннің ойынша, спортшы маңыздырақ миссиясы болғандықтан UFC 251 турниріне қатыса алмады.

"Оған айтқан: "Сенің басты міндетің - UFC титулын қорғау емес, біз. Сен жарақат алдым дейсің де жарысқа қатыспай, шпиондық жұмысыңды атқарасың", - дейді Аскрен.

Шевченко октагонға биыл тамызда оралу керек. Аяқ жарақатына бйланысты ол UFC 251 турниріндегі Джоан Калдервудпен жекпе-жегін кейінге шегерді. 

Шевченко - өте жеңіл салмақта UFC чемпионы. Ол титулын екі рет сәтті қорғады. 32 жастағы спортшы 18 жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Метки:
UFC