UFC файтері америкалық Бен Аскрен промоушен чемпионы, қырғызстандық Валентина Шевченконы ресейлік шпион деп атады, - деп хабарлайды Essentially Sports.
Ол Шевченконың шет тілдерін біліп, қару қолдана алатынына назар аударды. Аскреннің ойынша, спортшы маңыздырақ миссиясы болғандықтан UFC 251 турниріне қатыса алмады.
"Оған айтқан: "Сенің басты міндетің - UFC титулын қорғау емес, біз. Сен жарақат алдым дейсің де жарысқа қатыспай, шпиондық жұмысыңды атқарасың", - дейді Аскрен.
Шевченко октагонға биыл тамызда оралу керек. Аяқ жарақатына бйланысты ол UFC 251 турниріндегі Джоан Калдервудпен жекпе-жегін кейінге шегерді.
Шевченко - өте жеңіл салмақта UFC чемпионы. Ол титулын екі рет сәтті қорғады. 32 жастағы спортшы 18 жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Жарнама