Қарсыласының бәрін нокаутпен жеңген қазақ спортшы әлемде әйгілі лигаға қосылды

17 мамыр 2021 22:46
Сурет: instagram.com/rinatsagyntai/

Қазақстандық файтер Ринат Сағынтай (9-0) енді Brave CF промоушенінде өнер көрсететін боады. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желі арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлемде көш бастап келе жатқан ММА-ұйымдарының бірі BRAVE CF лигасымен келісім-шарт жасасқанымды қуанышпен хабарлаймын! Өзімнің алғашқы жекпе-жегімді асыға күтіп жүрмін. Еуропа, Азия мен басқа да кез-келген жерде өнер көрсетуге сақадай саймын!

Мен үшін осындай жұмыс атқарып, мүмкіндік берген командам @underdog.promotions және менеджерім @nuraddins ағайыма мың алғыс!

Енді бас бапкерім @muratestanov ағаймен лигадағы дебюттік жекпе-жегіме тынбай жаттығамыз. Жақын арада қарсыласым және жекпе-жек уақытын білетін боласыздар!" - деп жазыпты ол Instagram желісінде.

Мұның алдында жартылай орта салмақтағы 24 жастағы файтер Octagon лигасында жұдырықтасқан. Ол барлық жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған - бес нокаут және төрт сабмишен.

Метки: