АҚШ-тың Майами қаласында UFC 327 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде чехиялық Иржи Прохазка (32-6-1) мен жаңазеландиялық Карлос Ульберг (15-1) жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейінгі чемпион, бразилиялық Алекс Перейра ауыр салмаққа ауысуына байланысты титулды босатқан болатын.
Жекпе-жектің шешуші сәті бірінші раундта болды: Ульберг қарсыласын нокдаунға түсіріп, артынша соққыларын жалғастырып, төрешіні айқасты тоқтатуға мәжбүр етті.
Осылайша, Карлос Ульберг мансабындағы 15-жеңісіне жетті (1 жеңіліс), ал Иржи Прохазка 32 жеңіс, 1 тең нәтижеден кейін алтыншы рет жеңілді.
THE KING IS @UlbergCarlos ?
— UFC (@ufc) April 12, 2026
He earns the light heavyweight title by KO at #UFC327! pic.twitter.com/SyjazDMeAA
Жарнама