Қарсыласын бес секундта есеңгіреткен файтер тарихқа кірді

24 маусым 2019 10:27
© Road FC
Оңтүстік Корея файтері Вон Джун Чой отандасы Хван Ин Суды бес секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Sports.ru.

Орта салмақтағы спортшылар жекпе-жегі Road FC 54 турнирінде өтті. Нокаут оңтүстік кореялық промоушен тарихындағы ең жылдамы болып тіркелді. 




Негізі жеңіс екі секундта болған, қалған үш секундты төреші талып түскен спортшының жағдайын тексерумен өткізген. Осындан кейін техникалық нокаут тіркелді. 

Осылайша, 29 жастағы таеквондошы Чой ММА-де төртінші жеңісіне жетті, сонымен қоса ол үш рет жеңілген. Ал 25 жастағы кикбоксшы Хван алғаш рет жеңіліп тұр, мұның алдында ол төрт жекпе-жегінде жеңген. 

Метки: