MMA
24 маусым 2021 13:09

"Қарсыласы тәжірибелі әрі қауіпті". Сарапшы Шавкат алдағы жекпе-жекте қиындыққа тап болатынын айтады

Сурет: Gabriel Gonzalez / Cageside Press

Ресейлік белгілі журналист әрі инсайдер Игорь Лазорин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық Шавкат Рахмонов (13-0) пен бразилиялық Мишель Празерес (26-3) арасындағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты. 

"Празерес - өте тәжірибелі және қауіпті қарсылас. Ол ешқашан нокаутпен жеңілген емес, UFC-де тамаша жеңіс сериясын көрсеткен. Шавкатқа бұл жекпе-жек ауырға түседі. Дегенмен мұндай қарсылас Рахмонов үшін бар әлеуетін ашып көрсетуге жақсы мүмкіндік", - дейді сарапшы. 

Еске салайық, Рахмонов пен 39 жастағы Празерес арасындағы айқас 27-маусым UFC Vegas 30 турнирінде өтеді. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша шамамен 01:00-де басталады.