Қарсыласы ауысқан қазақ файтер Хабибтің лигасында титулды айқастан айырылды

11 қазан 2021 13:17
©EFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожайдың (6-0) келесі жекпе-жегіне қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Хабаиб Нурмагомедовтың Eagle FC лигасындағы 17 қазан Сочиде өтетін турнирде Дияр ресейлік Степан Горшечниковпен (8-3) жұдырықтасу керек болған. Ал бұл кездесуде жартылай ауыр салмақта EFC чемпионы титулы сарапқа салу жоспарланған еді.

Алайда Горшечников айқасқа шықпайтын болды. Ресейлік мұрнын сындырып алыпты. Енді оның орнына Магомед Магомедов шығады.

Сонымен қоса, бұл айқас чемпиондық емес, рейтингтік кездесу ретінде өтеді. Ал белбеу сол күйі бос қалды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: