auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Қарсыластың бәрін тұншықтырған". UFC-дегі қазақ жұдырықтасатын чемпион жайында деректер

"Қарсыластың бәрін тұншықтырған". UFC-дегі қазақ жұдырықтасатын чемпион жайында деректер
Хоэль Альварес. © ABC.es
Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұловтың UFC-дегі екінші қарсыласы 25 жастағы Хоэль Альварес екені белгілі болды, осыған байланысты Vesti.kz тілшісі испаниялық спортшы туралы қызық деректерді жинады. 

Спортшылар арасындағы үш раундты жекпе-жек 23 ақпан Прагадағы UFC Fight Nights 145 турнирінде өтеді.

1. Альварес 1993 жылы 2 наурызда Испанияның Хихон қаласында дүниеге келген. 18 жасқа дейін әуесқой футбол командаларында ойнады. Бірде қызы Лораның ағасы оған ММА файтерлерінің жаттығуына баруды ұсынды. Осыдан бастап оның өмірі аралас жекпе-жектермен байланысты болды. 

2. Альварес өзі туған Хихон қаласының залында күніне бес сағаттай жаттығады. Ол жергілікті телекоммуникациялық компанияда жұмыс істейді, ал бос уақытында бапкер болып қосымша табыс табады - ММА, грейплинг және джиу-джитсу.

3. Альварестің ең сүйікті спортшысы - 36 жастағы испаниялық файтер Абнер Льоверас. Абнер M-1, M-1 Global, Shooto, Respect FC турнирлері мен Тhe Ultimate Fighter от UFC реалити-шоуының 22-ші маусымына қатысқанымен белгілі. 

4. Альварес кәсіпқой карьерасын 2013 жылы бастаған. Лақап аты "феномен". Ол 15 жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Ал жеңісінің барлығы уақытынан бұрын: 14 жекпе-жегінде қарсыласын тұншықтырған, біреуін нокаутпен жеңген. 



5. Қазір Альварес Испания промоушені Ansgar Fighting League чемпионы. Жекпе-жектерінің көбін Испанияда өткізген, одан бөлек Шотландия мен Ресейде жұдырықтасқан. Жалғыз рет Мәскеуде M-1 Global Challenge 65 турнирінде, ресейлік Али Абдухаликовтан алғашқы раундта нокаутпен жеңілген.



6. Альварес жас кезінен туған қаласынының "Спортинг" футбол клубының жанкүйері. Хихондықтар ара-тұра Ла Лигада отөбе көрсетеді, алайда, қазір Сегундада - Испания чемпионатының екінші дивизионында. 

7. Альварес сұхбаттарының бірінде "қалай да болса UFC-де жұдырықтасуға" уәде еткен, ал осы ұйымның чемпиондық белбеуін өміріндегі басты мақсат деп атаған.





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама