Қарсыласқа Хабибтің бапкері де көмектесе алмады. Қазақстандық спортшы UFC-де бірінші жеңісіне жетті

18 шілде 2021 10:19
Сурет: UFC

Өте жеңіл салмақтағы қазақстандық спортшы Сергей Морозов (17-5) UFC промоушеніндегі бірінші жеңісіне жетті. Жекпе-жек Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 31 турнирінің кардында болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Arlan MMA Pro Team командасының 32 жастағы файтері әлемдік промоушендегі екінші айқасын 29 жастағы германиялық Халида Тахаға (13-4-0-1) қарсы өткізді.

Үш раунд қортыныдысы бойынша Морозов төрешілер шешімімен жеңіске жетті, үш төрешінің үшеуі де басымдықты қазақстандыққа берді - 30:27.