Карьерасындағы ең қомақтысы. Рахмонов Томпсонды жеңгені үшін қанша табыс көргені айтылды

19 желтоқсан 10:33
©UFC

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-7-1) жекпе-жек үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

MMA Salaries мәліметі бойынша, бұл жекпе-жек үшін "Номад" карьерасындағы ең қомақты гонорарды алды – 306 мың доллар (150 мың жекпе-жек үшін, 150 мың доллар жеңісі үшін, тағы 6 мың доллары - демеушілердің бонусы).

Алайда оның қарсыласы көбірек табыс көріпті. Томпсонның бұл жекпе-жектегі табысы 416 мың доллар болған екен (400 доллар жекпе-жек үшін және демеушілер тарапынан ынталандыру үшін 16 мың доллар).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport