"Карьерасын аяқтайтын болса...". Бапкер Хабибтің шешімін толық қолдайтынын айтады

Сурет: Fightnews.info
Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың АҚШ-тағы бапкері Хавьер Мендес файтердің әкесі көз жұмғаннан кейінгі шаршы алаңға оралуына қатысты пікір білдірді. Маманның сөзін Twitter MMA on SiriusXM беріп отыр. 

"Бұл жағдай қыркүйектегі жекпе-жекке қалай әсер етерін де білмеймін, өйткені байқұс жігіттің басныда не болып жатқанынан бейхабармын. Алайда не істесе де мен оны қолдаймын. Жұдырықтасқысы келсе, қасындамын, келмесе де. Карьерасын аяқтайтын болып шешсе де, мен оның жағындамын", - дейді Мендес. 

Сонымен қоса, бапкер Нурмагомедов әкесінің ізін басқысы келтінін де атап өтті. 

"Хабиб ағайынды інісін жаттықтыруға көмектескен, Исламды және басқа да болашақ жұлдыздарды", -  дейді маман.