Карьерасын аяқтаған Жұмағұлов UFC-де қанша табыс көрді?

22 қараша 2022 13:14
©UFC

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кәсіпқой мансабын аяқтады. Vesti.kz спортшының топ-промоушндағы осыған дейін тапқан табысын есептеді.

Айта кетейік, жеңіл салмақта өнер көрсеткен 34 жастағы қазақстандық америкалық Чарльз Джонсонға (12-3) есе жібергеннен кейін мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдеме жасаған болатын.

UFC-де Жұмағұлов алты жекпе-жек өткізген. Әрине, кірістің нақты көлемін есептеу мүмкін емес, бірақ ашық дереккөздердергі есеп бойынша төмендегідей:

1. Раулиан Пайвамен жекпе-жек үшін 15,9 мың доллар (7,38 миллион теңге);

2. Әмір Альбазимен 13,5 мың доллар (6,26 миллион теңге);

3. Джером Риверамен 24 мың доллар (11,14 миллион теңге);

4. Манел Каппен 24,5 мың доллар (11,37 миллион теңге);

5. Джефф Молинамен24,5 мың доллар (11,37 миллион теңге);

6. Чарльз Джонсонмен айқаста 31 мың доллар (14,39 миллион теңге) алды;

Осылайша, қазақстандық шамамен 133,4 мың доллар (61,94 миллион теңге) табыс тапқан.

Еске салайық, UFC-де екі жарым жыл өнер көрсеткен Жұмағұлов алты жекпе-жектің бірінде ғана жеңіске жеткен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport