АҚШ-тың Инглвуд қаласында Bellator 290 турнирі өтті. Бұл кештің басты оқиғасы америкалық Райан Бейдер мен "Соңғы имперотор" лақап атымен танымал ресейлік Федор Емельяненко арасындағы қарымта жекпе-жек болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл кездесу бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Америкалық спортшы Емельяненконың үстіне шығып алып, соққының астына алды. Ал төреші жекпе-жекті тоқтатуды жөн көрді.
Осылайша, Бейдер чемпиондығын қорғап қалды, ал Емельяненко жекпе-жектен кейін бірден карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.
Еске салайық, споршылар арасындағы бірінші айқас 2019 жылы өтіп, америкалық файтер әйгілі Емельяненконы 35 секундта нокаутқа түсірген еді.