Кардқа үлкен айқас қосылды. Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі

©UFC

UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) келесі жекпе-жекке шығатын басты үміткер анықталды, деп жазады Vesti.kz

30 маусым Лас-Вегаста өтетін UFC 303 турнирінің кардына жартылай орта салмақта үлкен бір жекпе-жек қосылды. Англиялық Майкл Пейдж (22-2) ирландиялық Иэн Гэрримен (14-0) жұдырықтасады.

Мұның алдында Рахмоновтың өзі Пэйдж келесі қарсыласы болуы мүмкін екенін айтқан: 

"Келесі қарсыласым Маддалена болатын шығар, бірақ Пейдж де бар. Маған кім болса да бәрібір, тезірек титулды жекпе-жекке жетсем болғаны". 

Алайда қазіргі таңда түрлі ақпарат көздері Шавкатпен жекпе-жекке басты үміткер аустралиялық Джэк Дэлла Маддалена екенін жазуда. 

Еске салайық, Маддалена 10 наурыз Майамиде өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Шавкатты айқасқа шақырған.

Осы жеңіс арқасында аустарлиялық файтер UFC рейтингінде бесінші орынға көтерілді, ал Рахмонов бұл тізімде үшінші. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар