Кардқа үлкен айқас қосылды. Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) келесі жекпе-жекке шығатын басты үміткер анықталды, деп жазады Vesti.kz.
UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) келесі жекпе-жекке шығатын басты үміткер анықталды, деп жазады Vesti.kz.
30 маусым Лас-Вегаста өтетін UFC 303 турнирінің кардына жартылай орта салмақта үлкен бір жекпе-жек қосылды. Англиялық Майкл Пейдж (22-2) ирландиялық Иэн Гэрримен (14-0) жұдырықтасады.
Мұның алдында Рахмоновтың өзі Пэйдж келесі қарсыласы болуы мүмкін екенін айтқан:
"Келесі қарсыласым Маддалена болатын шығар, бірақ Пейдж де бар. Маған кім болса да бәрібір, тезірек титулды жекпе-жекке жетсем болғаны".
Алайда қазіргі таңда түрлі ақпарат көздері Шавкатпен жекпе-жекке басты үміткер аустралиялық Джэк Дэлла Маддалена екенін жазуда.
Еске салайық, Маддалена 10 наурыз Майамиде өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернсті (22-7) жеңгеннен кейін Шавкатты айқасқа шақырған.
Осы жеңіс арқасында аустарлиялық файтер UFC рейтингінде бесінші орынға көтерілді, ал Рахмонов бұл тізімде үшінші.
Жарнама