Каратэден Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама белгілі

6 желтоқсан 2022 18:50
©Olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

16-20 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында WKF каратэден ересектер арасында 18, жастар мен кадеттер арасындағы 20 және паракаратэден алғашқы Азия чемпионаты өтеді деп жазады Спортты дамыту дирекциясының ресми сайты.

Ұлттық құрама намысын қорғайтын каратэшілер:

Әйелдер – Софья Берульцева (+ 68 келі), Лаура Әліқұл (- 68 келі), Әсел Қанай (- 61 келі), Әсемгүл Ердәулет (- 55 келі), Диана Алиманова (- 50 келі).

Ерлер – Диас Ұлбек, Бейбарыс Жаңбыр, Нұрнияз Елдашов (+84 кг), Дидар Әмірәлі (- 67 келі), Қайсар Алпысбай (- 60 келі), Низамиддин Қалматов (- 55 келі), Нұрқанат Әжіқанов (- 75 келі), Данияр Юлдашев, Игорь Чихмарев.

Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында бақ сынайтынын айта кетейік. Ката сынында қазақстандықтар татамиге шықпайды.

Былтырғы сары құрлық бәсекесі Алматы қаласында өтіп, онда жалпы есепте 49 жүлдемен Иран құрамасы топ жарған. Одан кейін Қазақстан мен Жапония каратэшілері үздік үштікті түйіндеген.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport