Карантиннен шықты. Қазақстандық спортшылар UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында тест тапсырды

20 қазан 2020 13:51
Шавкат Рахмонов. Сурет: Григорий Гринько/ sportx.kz
Қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов COVID-19 індетіне тесті таза болып, карантиннен шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz. Спортшылар UFC 254 турниріне қатысу үшін БАӘ-ге келді. 

Екі спортшы үшін де бұл әлемдік промоушендегі бірінші жекпе-жегі. Турнир 24 қазан Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өтеді. 

Рахмоновтың қарсыласы тәжірибелі бразилиялық спортшы Алекс Оливейра. Морозов болса Хабибтің інісі Умар Нурмагомедовпен шығу керек болған, алайда, ол ауруханаға түсіп қалды. 

"Карантиннен шықтық-ау әйтеуір. Бүкіл банданың басы қосылды", - деп жазыпты Рахмонов Instagram желісінде.