Қаңтар айында Қазақстанда болған оқиғалар АСА промоушнына қаншалықты әсер етті?

18 қаңтар 2022 00:10
©Рамзан Мусаев

АСА промоушенының президенті Алексей Яценко қаңтар айының алғашқы аптасында Қазақстандағы жағдайдан кейін биылғы жылдың күнтізбесіне өзгерістер енгізетіндігін айтты, деп хабарлайды "Чемпионат" сайты.

"Біз 2022 жылы өткізетін жарыстарды қашан және қай жерде болатынын толық әзірлеп қойдық. Алғашқы жарты жылда – Грозный, Мәскеу, Минск және басқа да қалалар аралас жекпе-жектің кештерін қабылдайды. Жаңа қосылған шаһарлардың арасында Челябинскті атап өтуге болады. Таяу Шығыста, соның ішінде Әбу-Дабиде де турнир ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Қазақ жерінде үлкен жарыс өткізуді жоспарлағанбыз. Алайда елдегі соңғы жағдайларға байланысты ол жақта жыл соңына дейін ешқандай жарыс жасамаймыз", - дейді Алексей Яценко.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда АСА 102 және АСА 105 турнирлері өткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: