Қансырап жұдырықтаса алмады. Титулды жекпе-жекте Фергюсонды жеңген Гэтжи сенсация жасады

10 мамыр 2020 11:28
Сурет: Sportbox
Джексонвиллде өткен UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегінде Тони Фергюсон  мен Джастин Гэтжи жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақта уақытша чемпион титулы үшін айқаста Фергюсон бірінші раундта ғана басымдық көрсетті, екінші раундты теңдей деуге келсе, қалған үш раунд Гэтжи қарсыласын соққының астына алумен болды. Нәтижесінде бесінші раунд соңында жекпе-жек тоқтатылып, Гэтжи уақытша чемпион атанды. 



Еске салайық, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Тони Фергюсонмен жеңіл салмақта чемпион Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасу керек болатын. Ал Гэтжимен айқаста Фергюсонның басымдығы бар деп есептелген.