"Қаншы...тың мылжасын шығарамын". Қазақстандық спортшы өзіне жала жапқан файтерді айқасқа шақырды

11 қазан 2021 10:34
©UFC

UFC-де өнер көрсететін украиналық Марина Мороз қазақстандық Мария Агапованың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеше қазақстандық спортшы UFC промоушенінде екінші жеңісіне жетіп, өзіне қатысты айтылған намысқа тиер сөздер үшін есе қайтару мақсатында Морозды айқасқа шақырды.

"Біріншіден, ол (Мороз) мені көре алмайды, екіншіден, менің карьерамды бұзбақ болды. Оның сұхбаты кесірінен демеушіден айырылдым. Мылжасын шығарып, сабағым келеді ол қаншы...ты! Өтірік айтып, мені құртпақ болды, ендеше сөзіне жауап берсін", - деді Агапова баспасөз мәслихаты кезінде. 

Бұған жауап ретінде украиналық спортшы ММА Junkie басылымының Instagram аккаунтында: "Уаймдама, уақытың келеді", - деп жазыпты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport