MMA
5 қараша 2020 11:21

"Қанша құрметтесем де...". Әйгілі Костя Цзю Хабибті Ресей қаһарманы етуге қарсы шықты

Сурет: Sportbox

Бірінші жартылай салмақта бокстан бұрынғы абсолют чемпион Костя Цзю жеңіл дивизионда UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке Ресей қаһарманы атағын беруге қарсы шықты,- деп хабарлайды Sport24. Дағыстандық спортшыға беру туралы ұсынысты РФ президенті Владимир Путинге депутаттардың бірі айтқан еді.

"Ресей қаһарманы? Не үшін? Еңбек сіңірген спорт шебері - бұл түсінікті, оған талас та жоқ. Ал Ресей қаһарманы атағы... Мен түсіне алмадым. Хабибті істеп жатқаны үшін қанша құрметтесем де. Бұл мүлде сәйкеспетйін дүниелер", - дейді Цзю.