MMA
14 наурыз 13:44
 
152

"Канелоның стилін" көрсетемін. Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

"Канелоның стилін" көрсетемін. Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы мәлімдеме жасады ©IG/mcrindvegas

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) титулын алғаш рет қорғайтын жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) титулын алғаш рет қорғайтын жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпион аустралиялық Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы күрес әдістерін қолданбай, оны тік тұрып жеңетінін айты. 

"Джекке қарсы рингке шығамын және оған тейкдаун мүлде жасамаймын. Оған және бүкіл жанкүйерлерге UFC-дің жартылай орта салмағында мен ең мықты боксшы екенінмді паш етемін, оған "Канелоның стилін" көрсетемін. Менің жекпе-жегімді міндетті түрде көріңіз", - деп береді Мухаммадтың сөзін Bloody Elbow.

Айта кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов Белалмен екі рет кездесу керек болатын, алайда, екі рет те айқас өтпей қалды. Енді Шавкат осы кездесуден кейін Мухаммадпен жұдырықтасады деп күтілуде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!