Единоборства
10 ақпан 2021 11:47

Қанды айқас! Қазақ файтер Хабибтің лигасындағы турнирде ресейлік қарсыласын жеңді

Жасұлан Әкімжан. Сурет: EFC©️

Arlan MMA Pro Team командасының қазақстандық файтері Жасұлан Әкімжан (6-2) Мәскеудегі EFC 33 турнирінде жеңіске жетті,- деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы астаналық спортшының қарсыласы 27 жастағы ресейлік Олег Петеримов (11-8) болды. Қарсыластар турнирдің жетінші жекпе-жегінде жұдырықтасты.

Кездесу қорытындысы бойынша Жасұлан төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңді. Әр раундта қазақ спортшы партерде мықтылығын көрсетіп, қарсыласын "граунд энд паундта" талқандап отырды. Үшінші раундқа Петеримов бет жарақатымен шықты. 

Бұл - Жасұланның қатарынан екінші жеңісі. Желтоқсанда ол EFC 30 турнирінде төрешілер шешімімен басым болған. Ал бір жарым жылда бірінші айқасқа шыққан қарсыласы карьерасында сегізінші рет жеңілді. 

Еске салайық, EFC лигасы - Хабиб Нурмагомедовтікі. Айта кетейік, EFC 33 турнирінде өзге қазақстандық спортшылар Истатай Теміров ресейлік Расул Мамаевқа есе жіберді, ал Руслан Сариев титулды жекпе-жекте дағыстандық Мансур Малачиевтен жеңілді.