Камару Усман UFC 278 сенсациясынан кейін мәлімдеме жасады

21 тамыз 2022 15:35
©UFC

UFC титулынан айырылған жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық Камару Усман ұлыбританиялық Леон Эдвардсқа қарсы қарымта кездесудегі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Усман ендігі кезекте Эдвардстан кек қайтаруды көздейді.

"Чемпиондар арасында қателеседі... Бірақ біз ораламыз және кегімізді қайтарамыз!" - деп жазды Усман әлеуметтік желіде.

Бұдан кейін Камару тағы бір пост салды. 

"Мен бұл спорт түрін жақсы көремін. Түрлі жағдайлар болады, бірақ, біз барлығын өзгертеміз. Эдварсты құттықтаймын!", - дедй файтер. 

Қос спортшының кездесуі UFC-дің Солт-Лэйк-Ситиде өткен (АҚШ) 278-ші турнирінің бас жекпе-жегі болған еді. Усман күтпеген жерден екінші раундта жеңіліс тапты.

Естеріңізге сала кетейік, олардың алғашқы кездесуі 2015 жылы желтоқсанда Орландода (АҚШ) өтіп, сол кездегі UFC дебютанты Усман Эдварсты төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: