Камару Усман соңғы айқасынан кейін есін жоғалтып алған

8 қыркүйек 2022 17:17
©UFC

UFC жұлдызы мен аталмыш промоушеннің бұрынғы чемпионы Камару Усман Леон Эдвардстан қалай жеңілгенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Оның айтуынша, ауыр соққыдан кейін ол есін жоғалтып алған.

Жартылай орта салмақтың тартысты айқасы 20 тамыз күні UFC 278 турнирі аясында Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында өтті.

"Бапкерім Тревор Уиттманмен және айналамдағылармен сөйлестім. Видеода отбасыммен әңгімелескенім және оларды құшақтап тұрғанымды көруге болады. Бірақ оның бірде-біреуі есімде жоқ. Не істеп, не қойғанымды білмеймін. Құдды бір Леон мені 20 минуттық қалың ұйқыға жібергендей болды. Есімді тек жедел жәрдем көлігінде жидым.

Олар менен қайда екеніңді білесің бе? Қай жылы дүниеге келдің деген сұрақтар қойды. Сұрақтардың бәріне дұрыс жауап бергенмін. Алайда оның бәрі есімде жоқ", - деп жауап берді спортшы Джо Роганға берген сұхбатында.

Еске салайық, Усман соңғы жекпе-жегінің 5-раундында нокаутқа түсіп, чемпиондық белбеуінен айрылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport