Камару Усман? Шавкат Рахмонов титулды айқас жайлы мәлімдеме жасады

©UFC

Жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) Руслан Шаекиннің YouTube арнасына берген сұхбатында титулды жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

Шавкат өзін жартылай орта салмақтағы үміткерлердің бірі деп атады.

"Қазір аздап тынығып жатырмын, жұмыстарымды бітіріп алайын. Келесі кездесу туралы - әзірге белгісіз. БАҚ-та түрлі дүние жаза береді. Камару Усман? Егер ыңғайы келсе, онымен де жекпе-жек болады. Титулды айқасқа шығып қалармын, сондай мүмкіндік бар. Не болатынын алдын ала ешкім білмейді. Мен - өз салмағымда UFC титулына үміткерлердің бірімін", - дейді Шавкат. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport