Жындыханадан қашқан спортшы әйгілі Емеляненконы талдырып тастады

26 қыркүйек 2022 08:06
©СЭ

Вячеслав Дацик Ресейде өткен Hardcore Boxing турнирінің басты айқасында Александр Емельяненконы нокаутқа түсірді, деп хабарлайды "FightSpace" телеграм арнасы. 

Жекпе-жек бірінші раундтың 13-секундында аяқталды. 

"Есінеп кетіппін. Қарымта керек. Сөз беремін, түзелемін", - деп береді басылым Емельяненконың сөзін. 

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Дацик қарымтаға келісім беріпті, тараптар шарттарын талқылауда. 

Айта кетейік, 2010 жылы Дацик Ленинград облысындағы жындыханадан қашып, Норвегияға өтіп кеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport