Вячеслав Дацик Ресейде өткен Hardcore Boxing турнирінің басты айқасында Александр Емельяненконы нокаутқа түсірді, деп хабарлайды "FightSpace" телеграм арнасы.
Жекпе-жек бірінші раундтың 13-секундында аяқталды.
"Есінеп кетіппін. Қарымта керек. Сөз беремін, түзелемін", - деп береді басылым Емельяненконың сөзін.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Дацик қарымтаға келісім беріпті, тараптар шарттарын талқылауда.
Айта кетейік, 2010 жылы Дацик Ленинград облысындағы жындыханадан қашып, Норвегияға өтіп кеткен болатын.