"Жылдам шарықтады - жылдам құлайды". Америкалық файтер қазақ менеджердің чемпионы туралы

20 шілде 2020 15:02
Сурет: Fightnews.info
UFC промоушенінде жұдырықтасатын америкалық файтер Алджамейн Стерлинг ресейлік Петр Янның өте жеңіл салмақта чемпион болуына қатысты пікір білдірді. 

"Келісімшартты күтіп отырмын, қағаз жүзіндегі чемпион Петр Янмен жұдырықтасу үшін. Ол үздік бестіктегі бірде-бір файтермен жекпе-жекке шыққан емес, ал енді белбеу иеленіп отыр. Солай ыңғайлы болған ғой. Жылдам шарықтады - жылдам құлайды", - деп жазыпты Стерлинг твиттер желісінде. 

Ресейлік Петр Ян Жозе Алдоны жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды

Айта кетейік, ресейлік Петр Ян мен қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың ісін менеджер Саят Әбдіраманов жүргізеді.