"Жүрегім айниды". UFC файтері МакГрегор туралы

12 қазан 2022 01:50
©МакГрегордың жеке мұрағатынан

Жеңіл салмақта UFC экс-чемпионы Генри Сехудо ирландиялық Конор МакГрегорға қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Сехудоның жанкүйерлерінің бірі спортшыдан МакГрегормен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге қалай қарайтынын сұраған.

"Одан жүрегім айниды. Ол менен тізерлеп отырып өтініш айтса да келіспеймін. Беті аулақ", - дейді Генри Сехудо.

Еске салайық, МакГрегор 2021 жылдың шілде айынан бері октагонға шықпады. Соңғы рет америкалық Дастин Порьеге есе жіберіп, жарақатынан әлі күнге дейін толық емделмеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport