Жұмағұловтың UFC-дегі жекпе-жегі алдында вирусқа тапсырған тестінің нәтижесі шықты

Fight Nights Global©
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC ұйымындағы жекпе-жек алдында тапсырған тестінен вирус шыққан жоқ. Бұл туралы ресейлік тілші Игорь Лазорин Instagram парақшасында жазды. 

Қазақстандық спортшы тексерістен үш мәрте өткен екен. Еске салайық, Жұмағұлов Абу-Дабиге келе салысымен міндеттелген екі күндік карантинде болды. 

Жұмағұлов бірінші кездесуін UFC 251 турнирінде өткізеді. Шоу Абу-Даби қаласындағы "Жекпе-жек аралында" өтеді. Оның қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва.

"Жалғас Жұмағұловтың үш рет тапсырған тестінен коронавирус шыққан жоқ. Карантин бітті", - деп жазлы Лазорин. 




Метки: