Единоборства
25 қараша 2020 12:30

Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтпейді. Жағдайдың мән-жайы айтылды

Сурет: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы танымал ресейлік инсайдер-журналист Игорь Лазорин Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жалғас Жұмағұловтың Амир Албазимен жекпе-жегі 28 қарашада өтпейді. Америкалық виза мақұлданғанына қарамастан, консулдықта Жалғасқа төлқұжаты қайтармады. Жекпе-жек 12 желтоқсанға ауыстырылуы мүмкін", - делінген хабарламада

Еске салайық, Жұмағұлов пен Албази жекпе-жегі 29 қараша UFC Fight Night 184 турнирінде өту керек болған. Екі спортшы да шілдеде UFC-де алғаш рет өнер көрсете бастады. Жұмағұлов төрешілер шешімімен бразилиялық Пайваға есе жіберді, ал Албази қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.