Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-6) UFC ұйымындағы бесінші жекпе-жегінде америкалық Джефф Молинамен (10-2) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы sherdog.com сайтына сілтеме жасап.
Бұл кездесу 4 маусымға жоспарланған. 33 жастағы Жалғас промоушендегі төрт айқасының біреуінде ғана жеңді.
Ал 24 жастағы Молина UFC-дегі карьерасын екі жеңістен бастады, ал промоушенге Дана Уайттың іріктеу турниріндегі жеңістен кейін келді.