Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

10 шілде 2020 13:14
Сурет: Fight Nights Global
11 шілдеден 12 шілдеге ауысқан түні отандасымыз Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

31 жастағы Жұмағұлов (13-3-0) алдағы кездесуде жеңіл салмақтың рейтингінде 14 орында тұрған 24 жастағы бразилиялық Раулиан Пайвамен (19-3-0) кездеседі. 

Бұл кездесу шамамен түнгі 4:30 шамасында басталады. Жекпе-жекті тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді. Жалпы бұл кеште 13 айқас өтеді. 

Қазақстандық спортшыдан бөлек, шоуда жартылай орта салмақтағы ұйымның чемпионы Камару Усман (16-1-0) мен америкалық Хорхе Масвидаль (35-13-0), жеңіл салмақтың чемпионы австралиялық Александр Волкановски (21-1-0) мен америкалық Макс Холлоуэй (21-5-0) арасындағы тартысты кездесулер өтеді.