UFC-де өнер көрсететін Жалғас Жұмағұлов алдағы демалыста октагонға шығу керек еді, алайда оның жекпе-жегі тағы шегерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жаконың осы жолғы қарсыласы бразилиялық Фелипе Бунес жарақат алып қалыпты. Айқас 17 маусым Лас-Вегастағы UFC on ESPN турнирі аясында өту керек еді.
Еске салайық, әу баста Жұмағұлов америкалық Нэйт Манесспен жұдырықтасу керек болған, бірақ ол жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Оны бразилиялық Рафаэль Эстевам алмастырды, дегенмен ол салмақ лимитін орындамай, жекпе-жек тағы өтпей қалды. Осының салдарынан Жалғасты "UFC-де мүлде жолы болмаған жігіт" деп кетті.