Қазақстандық Сергей Морозов (18-5) "Вестник MMA" Youtube арнасына берген сұхбатында UFC ұйымыныдағы болашғына қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
- Ары қарай не болатыны белгілі ме? Жаңа келісімшарт бола ма?
- Иә, бұл алдыңғы келісім бойынша соңғы айқас болатын. Қазір Саят (Морозовтың менеджері) келісімшартты ұзарту құжаттарын дайындап жатыр. Бітейін деп қалды. Ал мен қазір демалыста, отбасыммен.
- Кейінгі айқасыңа жеңілістен кейін шықтың, ментальді тұрғыда қаншалықты ауыр болды? Сосын келісім бойынша соңғы айқас болғандықтан ойша қысым келді ме?
- Қысым болды әрине, бірінші раундта бұл байқалды ғой. Мен бірінші раундты олай бастамау керек едім. Бірақ шыдап кеттім де, өзімдікін алдым.
Морозов Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 57 турниріне қатысып, Раулиан Пайваны жеңді. Бұл бразилиялық файтер өзге қазақстандық Жалғас Жұмағұловтан даулы шешіммен басым түскен еді.