1XBET - ставки на спорт

Жарнама

MMA
Бүгін 13:27
 

Жұмағұловтың даулы жекпе-жектен кейін бір көзі көрмей қалған

  Пікірлер

blog.share

Жұмағұловтың даулы жекпе-жектен кейін бір көзі көрмей қалған ©x.com/OktagonOfficial/

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (19-9) Словакияның Братислава қаласында өткен Oktagon 89 турнирінде бразилиялық Игор Севериноға (10-1) қарсы жекпе-жекте болған даулы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (19-9) Словакияның Братислава қаласында өткен Oktagon 89 турнирінде бразилиялық Игор Севериноға (10-1) қарсы жекпе-жекте болған даулы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Көзіме саусағы тиіп, содан кейін көрмей қалдым"

Жұмағұловтың айтуынша, жекпе-жектегі шешуші сәт оның жағдайына тікелей әсер еткен. Ол бұл жерде нокдаун болмағанын ерекше атап өтті.

— "Ассалямуғалейкум! Кеше өтпей қалған жекпе-жекке байланысты жағдайға түсініктеме бергім келеді.

Мансабымда талай әділетсіз қарсыластарды көрдім. Бірақ олардың ешқайсысы адамның денсаулығына ауыр зиян келтіріп, тіпті өміріне қауіп төндіруі мүмкін осындай лас әрі қауіпті әрекеттерге барған емес.

Мұны өзімді ақтау үшін немесе шу шығару үшін жазып отырған жоқпын. Мен тек ұйымдастырушылардың назарын болған жағдайға аударып, болашақта осы спортшымен кездесетін қарсыластардың қауіпсіздігін ойлауды сұраймын. Егер мұндай әрекеттерге көз жұма қаралса, бір күні бұл біреудің ауыр жарақат алуына немесе мүгедек болып қалуына себеп болуы мүмкін.

Біз қарсыластың бірінші раундта өте қауіпті болатынын жақсы білдік және соған дайындалдық. Бірақ ешқандай нокдаун болған жоқ. Менің жағдайымның басты себебі – оның саусағы көзіме тиіп кетуі. Осыдан кейін көзім қосарлай көре бастады. Мен торға қарай шегінуге мәжбүр болдым және тек мінез бен инстинктке сүйеніп әрекет еттім.

Этикалық себептерге байланысты зәр шығарған кезде қан болғанын көрсететін суреттерді жарияламадым", – деп жазды Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кейін қазақстандық спортшы жағдайының әлі де күрделі екенін айтты.

"Қазіргі таңда оң көзім көрмейді. Бұл уақытша ма, әлде бітті ме – оны алдағы медициналық тексерулер көрсетеді. Әзірге бір нәрсе анық: сол эпизодтан кейін оң көзім көрмей қалды", – деді файтер.

Жекпе-жек өтпеген деп есептелді

Еске салайық, Жұмағұлов пен Северино арасындағы жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды. Төреші бразилиялық спортшының тыйым салынған әрекетінен кейін кездесуді мерзімінен бұрын аяқтап, нәтижесінде жекпе-жек өтпеген болып танылды.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!