Жұмағұловты жеңген бразилиялық спортшы UFC ұйымымен келісімшартын ұзартты

28 шілде 2020 15:31
Сурет: UFC©
Жуырда ғана отандасымыз Жалғас Жұмағұловты жеңген бразилиялық спортшы Раулиан Пайва UFC ұйымымен келісімшартын ұзартты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желісінде жариялады. Жаңа келісімшарт бойынша ол төрт кездесу өткізу керек. 

"Мен карьерамның бұл кезеңіндегі маңызды жаңалықтардың бірімен бөліскім келеді. Әңгіме UFC ұйымымен келісімшартты ұзарту жайында. Менің жасым 24-те, әлі жаспын, бірақ қазірдің өзінде бірнеше жетістікке жеттім. Сол үшінде құдайға, отбасыма және командама алғыс айтқым келеді. Бірге біз мықтымыз. Биік белестерді бағындырамыз", - деп жазды Пайва. 



Еске салайық, Пайва UFC ұйымындағы өзінің соңғы кездесуінде қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен кездесіп, төрешілердің күмәнді шығарған шешімімен жеңіске жеткен еді. 





Метки: