Жұмағұловты жеңген бразилиялық өзге қазақстандықпен айқас алдында мәлімдеме жасады

16 маусым 2022 13:47
©Cageside Press

Бразилиялық Раулиан Пайва қазақстандық Сергей Морозовпен UFC-дегі жекпе-жек алдында әлеуметтік желіде пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өте жеңіл салмақтағы бұл айқас 25 маусым Лас-Вегаста өтеді.

"25 маусымдағы жекпе-жек алдындағы чемпиондармен соңғы спаррингім. Келесі апта, сенбіде жеңіске жетеміз. Көп рахмет достар", - деп жазапты спортшы Instagram желісінде. 

Айта кетейік, Морозовтың бұл қарсыласы 2020 жылы Жалғас Жұмағұловты UFC-дегі алғашқы айқасында жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport