Жұмағұловты жеңген бразилиялық файтер UFC рейтингінде жоғарлады

14 шілде 2020 17:49
Сурет: UFC©
Кейінгі кездесуінде қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен жұдырықтасқан бразилиялық Раулиан Пайва UFC рейтингінде жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

UFC 251 турнирінде өткен кездесуде бразилиялық спортшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Пайва рейтингтегі 14-ші орыннан екі саты жоғарлап, өзінің салмақ категориясында 12-ші болды. Алайда Жұмағұлов өнер көрсететін бұл салмақта чемпион жоқ екенін айта кету керек. 2019 жылы америкалық Генри Сехудо карьерасын аяқтағанда титул бос қалған. 

Өте жеңіл салмақ рейтингі:
1. Дейвесон Фигередо (Бразилия)
2. Джозеф Бенавидес (США)
3. Брэндон Морено (Мексика)
4. Александр Пантожа (Бразилия)
5. Алекс Перес (США)
6. Джуссиер Формига (Бразилия)
7. Аскар Аскаров (Россия)
8. Кай Кара Франс (Новая Зеландия)
9. Рожерио Бонторин (Бразилия)
10. Мэтт Шнелл (США)
11. Брэндон Ройвал (США)
12. Раулиан Пайва (Бразилия)
13. Тим Эллиотт (США)
14. Джордан Эспиноза (США)
15. Дэвид Дворак (Чехия).