MMA
19 шілде 2020 14:58
 
Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуінен кейін бір ай жекпе-жек өткізе алмайды

  Пікірлер

blog.share

Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуінен кейін бір ай жекпе-жек өткізе алмайды UFC©

UFC басшылары UFC 251 турнирінде жекпе-жек өткізген спортшылардың денсаулығын тексеріп, олардың енді қашан кездесу өткізе алатыны туралы шешім шығарды. Енді бұл шоуға қатысқан спортшылардың кейбірі дәрігер рұқсат берсе бір айдан кейін ғана айқасқа шыға алады. Кейбірі тіпті жарты жылдан кейін ғана. 

Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер" аралында өткен бұл турнирге қазақстандық Жалғас Жұмағұлов та қатысқан болатын. MMA Fighting мәліметі бойынша, отандасымыз енді бір айдан кейін ғана жекпе-жек өткізе алады. Тағы бір айта кететін мәселе, спортшылардың барлығы үш апта спарринг өткізбеу керек. Бір айдың ішінде Жұмағұловтың қарсыласы Раулиан Пайва да кездесуге шыға алмайды. 

Осылайша, Жұмағұлов енді UFC ұйымындағы келесі кездесуін 2020 жылдың 13 тамызынан кейін ғана өткізе алады. 

Бұл турнирде өнер көрсеткен жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Камару Усман мен ресейлік Максим Гришин және британдық Дэйви Грант жарты жыл жекпе-жекке шықпайды. 

Еске салайық, Жұмағұловтың UFC ұйымындағы бірінші кездесуі 12 шілде күні Раулиан Пайваға қарсы өтіп, бразилиялық спортшының пайдасына аяқталды. Төрешілердің бұл шешімімен көптеген мамандар келіспеді. Ал отандасымыздың менеджері Саят Әбдірахмановтың айтуынша, бұл шешіммен UFC басшылары және турнирдің матчмейкері де келіспеген екен. 

Жарнама

Живи спортом!