Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегінің алдында карантинді қайда өткізіп жатқанын көрсетті

Сурет: Arlan MMA©
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін отандасымыз Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші кездесуін өткізу үшін Абу-Даби қаласына келді. Қазіргі уақытта ол екі күндік карантинде жатыр. 

Жұмағұлов арнайы видеоролигінде қайда оқшауланғанын және қандай жағдай жасалғанын көрсетті. 



Айта кетейік, отандасымыз өзінің бірінші кездесуін UFC 251 турнирінде өткізеді. Шоу Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" өтеді. Оның қарсыласы бразилиялық Раулиан Пайва болады. 

Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасы көртесетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 03:55-те басталады.