Жарнама

Единоборства
Бүгін 05:45
 

Жұмағұлов титулға дейінгі айқасында қарсыласын терең нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Жұмағұлов титулға дейінгі айқасында қарсыласын терең нокаутқа түсірді ©x.com/ZhakoZhumagulov

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (ММА: 19-9) Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (ММА: 19-9) Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшының қарсыласы Қырғызстаннан келген ACA ұйымының бұрынғы файтері Кайрат Нурбай уулу (16-7) болды. Бұл жекпе-жекте Жұмағұлов қарсыласын нокаутқа түсірді.

Бұл кездесу Жұмағұлов үшін Nomad ережесі бойынша алғашқы жекпе-жек болды. Аталған формат бокс пен ММА элементтерін біріктіреді: спортшылар ММА қолғаптарымен жұдырықтасады, сондай-ақ, қысқа уақыттық клинчтер мен ұстасуларға рұқсат беріледі.

Еске салайық, 6 маусым күні Братиславада (Словакия) Жалғас қазіргі Oktagon MMA ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы – бразилиялық Игор Севериноға (10-1) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл айқаста дивизион белбеуі сарапқа салынады.

Бұл кездесу Жұмағұлов үшін ұйымдағы екінші чемпиондық титулды жеңіп алу мүмкіндігі болмақ. Бұған дейін ол Oktagon-да ең жеңіл салмақта чемпион атанған.

Соңғы рет Жалғас октагонға желтоқсан айында шығып, чехиялық файтер Давид Дворжакты (22-7) екі раундтың қорытындысы бойынша мерзімінен бұрын жеңген болатын. 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!