Жұмағұлов салмағындағы чемпиондық айқас күтпеген нәтижемен аяқталды

24 қаңтар 2022 10:54
©Newsmma.net

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы мексикалық Брэндон Морено Анахаймда (АҚШ) өткен UFC 270 турнирінде бразилиялық Дейвесон Фигейредодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар бес раунд өткізіп, нәтижесінде Фигейредо төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағын өзіне қайтарды.

Морено мен Фигейредо 13 айда үшінші рет жұдырықтасты. 2020 жылдың желтоқсанында олар бес раунд өткізді, ол кезде тең түсіп, Фигейредо белдікті сақтап қалды. Бірақ 2021 жылдың жазында Морено қарсыласын жеңіп, Мексикада туып-өскен UFC тарихындағы алғашқы чемпион болды.

34 жастағы бразилиялық ММА-да екі рет жеңіліп, бір рет тең түсіп, жиырма бір рет жеңіске жетті. Ал 28 жастағы мексикалық он тоғыз рет жеңіп, екі рет тең түсті.

Еске салайық, бұған дейін эквадорлық Майкл Моралес UFC-де жеңіске жетіп, дебют жасаған болатын

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: