Жұмағұлов жеңілмеген дағыстандыққа үн қатты

17 маусым 2022 09:14
©UFC

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-7) ресейлік Забит Магомедшариповтың (18-1) карьерасын аяқтау шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Ең мықты! Маған сенің айқастарың әрдайым ұнайтын", - деп жазыпты Жалғас Instagram желісіндегі стористе.

Магомедшарипов карьерасын денсаулығына байланысты аяқтайтынын мәлімдеген еді. 

31 жастағы Забит ММА-де 18 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, бір рет қана жеңілген. Ал UFC-де ол алты айқасының бәрінде үстем түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport