Жолаушылар қошеметі. UFC-де жеңіске жеткен қазақ файтерді елге сапарында ұшақ бортында құттықтады

28 қазан 2020 11:01
UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткен Шавкат Рахмоновты Абу-Дабиден елге сапарында ұшақ экипажы құттықтады,-  деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахмонов Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өткен UFC 254 турнирінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген еді.



Ал бұл шоудың басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжиді тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпионы атағын қорғап қалды. Осыдан кейін Нурмагомедов карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.