Жеті айқастың бірінде ғана жеңген Жұмағұлов UFC-ге қайта бармақ

13 қыркүйек 2023 09:27
©Sport-express

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC промоушеніне оралу туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұмағұлов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, бір рет қана жеңіске жетті және алты рет жеңілді. Осылайша, ол қатарынан үш рет төрешілер шешімімен жеңілген алғашқы файтер болды. 

"Америкаға екінші рет аттанбақпын. Bellator немесе UFC - қалай болатынын көреміз. Мүмкіндік бар. Матчмейкермен сөйлестім, бір-екі жекпе-жекте жеңіске жетсем, ол мені қайтадан UFC-ге алатынын айтты", - дейді Жұмағұлов NAIZA TV лигасының YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport