Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC промоушеніне оралу туралы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жұмағұлов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, бір рет қана жеңіске жетті және алты рет жеңілді. Осылайша, ол қатарынан үш рет төрешілер шешімімен жеңілген алғашқы файтер болды.
"Америкаға екінші рет аттанбақпын. Bellator немесе UFC - қалай болатынын көреміз. Мүмкіндік бар. Матчмейкермен сөйлестім, бір-екі жекпе-жекте жеңіске жетсем, ол мені қайтадан UFC-ге алатынын айтты", - дейді Жұмағұлов NAIZA TV лигасының YouTube арнасына берген сұхбатында.